Жұрт алдында Құранды өртеп жіберген Салван Момик Швецияда Құран кітабын теуіп қорлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Тurknws Instagram-парақшасында пайда болды. Онда Салван Момиктің Швеция астанасы Стокгольмде Құран кітабын теуіп, лақтырып жатқаны бейнеленген. Ал оның жанында күзет тұр.
Еске салайық, бұған дейін Швеция астанасы Стокгольмде Ирактан келген босқын жігіт Құранды өртеген еді.
Полиция Үлкен мешіттің алдында Құран өртеуге рұқсат берген. 37 жастағы Салван Момика бірнеше апта бұрын құқық қорғау органдарына арыз жазып, рұқсат алғаны белгілі болды.
Ол бір топ тәртіп сақшыларының және жолай өтіп бара жатқан 200-ге жуық адамның көзінше мұсылманның қасиетті кітабының бір данасын өртеп жіберді. Дегенмен жұртшылық оның әрекетін қолдаған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!