Жұрттың бәрі жеп жүрген танымал тәтті қауіпті екені рас па?

Жұрттың бәрі жеп жүрген танымал тәтті қауіпті екені рас па?
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде Oreo тәттісі қауіпті екені туралы ақпарат тарап жатыр. Онда бұл тәтті "артерияны бітеп тастауы" мүмкін екені, ал кремі "пластикалық желім" екені айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

"Кондитерлік өнімдер, соның ішінде печенье Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында кеден одағының талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана айналымға жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2025 жылы Oreo печеньесінің үлгілері зерттелген.

"Зерттеу нәтижесінде микробиология және токсикология көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдай анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгінің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді", - деп жазылған хабарламада.

Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөзден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget