Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналар бала табысқа жетуіне қалай көмектесе алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ата-аналарға "жұрттың баласы" секілді қалай тәрбиелеуге болатыны туралы нақты, практикалық кеңес бере аласыз ба?" - деп сұрады журналист брифингте.
"Менің ойымша, баланы қолдау керек, оны тыңдап, ести білу қажет, "ыңғайсыз" сұрақтарына жауап беріп, оның кез келген бастамасына демеу болу маңызды", - деп жауап берді Жұлдыз Сүлейменова.
Еске салайық, бұған дейін БЖБ мен ТЖБ барлық сыныптан кезең-кезеңімен алып тасталатыны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!