Елордада алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен елорда тұрғыны анықталды.
"Жәбірленушілер келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударған. Полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгінді. Алаяқ ипотекалық несиеге баспана алуға көмектесемін деп одан шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат сұраған", - деп жазылған хабарламада.
Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті істеген ісін мойындаған.
Оның ақшаны жеке қажетіне жұмсағаны анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!