- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жұртты депрессиядан құтқарды"....
"Жұртты депрессиядан құтқарды". Журналист Қайрат пен Тұрсынбектің ұсталуы тегін емес екенін айтты
Белгілі журналист Арнұр Асқар әлеуметтік желідегі парақшасында қымбатшылық қысып, ұлттық валюта құнсызданған шақта танымал өнер адамдарының ұсталуы арқылы "халық бір күйзелістен қалғанын" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"1 доллар - 480 теңге. Аз уақыт ішінде ұлттық валюта 32-33 теңгеге құнсызданды. Сәйкесінше баға да ұшып барады. Қайрат пен Қабатов жұртты бір депрессиядан құтқарып қалды", - деп жазды ол.
Қоғамда танымал адамдарға қатысты мұндай оқиғаны "биліктің айла-шарғысы" дейтін пікір жиі айтылады. Оның үстіне кейінгі кезде өнер жұлдыздары бірінен соң бірі ұсталған еді.
Еске салайық, бұған дейін ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан Тұрсынбек Қабатов жазаланғаны хабарланды.
Артынша Қайрат Нұртас та ұшақта төбелескені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
Сонымен қатар, Қонаевта танымал қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды.
Ал мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өнер адамдарына қатысты кейінгі жағдайларға пікір білдіріп, "танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес" екенін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова