- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жұрт маған ерекше...
"Жұрт маған ерекше қарайды". Ақтауда Қазақстандағы ең бойшаң сарбаз борышын өтеп жүр
Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскері қатарында ең бойшаң сарбаз борышын өтеп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денис Балюк - Қостанай облысының тумасы. Жасы 20-да. Ол Отан алдындағы борышын Ақтау гарнизонында өтеп жатыр.
"Теңіз жаяу әскері қатарында қызмет етуді өзім қаладым. Әскери комиссариат пен медициналық комиссиядан еш кедергісіз өттім. Бойымның ұзындығы пайдасын тигізді деп айта аламын. Жұрт маған ерекше қарайды. Мектепте, кейін колледжде де солай болған", - дейді қатардағы жауынгер Денис Балюк.
Денистің айтуынша, оның отбасында әкесі мен әпкесінің де бойы ұзын. Әпкесінің бойы шамамен 2 метр болады. Сарбаздың туған ауылы Динисовкада олардың жанұясы бойшаңдығымен танымал.
"Денис үшін арнайы жаңа форма тігілді. Аяғының өлшемі - 49. Сондықтан аяқ-киімді де тапсырыспен алдырдық", - деді жас сарбаздар батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Алимордон Исраилов.
Қазір Денис Балюк - Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріндегі ең ұзын сарбаз. Оған дейін бойының ұзындығы 2 метр 3 сантиметр және 2 метр 5 сантиметр болатын жауынгерлер қызмет еткен.
Сая Мәжитқызы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz