Ақтауда 300 адамнан миллиардтаған қаражат жинаған 2 әйел сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 2021-2023 жылдары болған. Алаяқ әйелдер тұрғындарға WhatsApp желісінде 25-топ ашып, төмен бағада ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техникаларды жарнамалаған. Сол арқылы жәбірленушілерден тауар алуға түскен ақшаларды иемденіп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ қылмыстық жолмен иемденген ақшаларды заңдастыру мақсатында жылжымайтын және жылжымалы мүліктерге сату сатып-алу келісімшарттарын жасаған.
Сотта сотталушылардың кінәсі жәбірленушілерден жауап алу хаттамаларымен, ақша аударымдарымен және істегі басқа да дәлелдермен дәлелденген. Сондықтан А. есімді әйел ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен, 218-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 9 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ал Б. есімді әйелге ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз