Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Жүрсін Ерманның денсаулығы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарып қалған.
"Айтысты өрге сүйреген жанашыры- Жүрсін ағамен бір сурет. Жезқазғанда өткен командалық ақындар айтысында төрағалық етті, денсаулығы жақсарғанын көріп қуанып қалдым. Ең алғаш айтыс арасында терме айтқызып, 23 жасымда Республика сарайын шулатып, халықтың ықыласына бөленуіме, 30-жасымда Францияда өткен ақындар айтысында да, Париж сахнасын термемен шулатуыма себепші, дәстүрлі өнердің жанашыры -Жүрсін ағамыз себепші еді. Аман жүріңіз, айтыс өнерінің қара нары! Бақытжамал апамызбен қол ұстасып, бірге қартайып, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!