Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман тағы бір айтыста төрелік етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы айтыс ақыны, Мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Тобыл - Торғай төрінде Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған Республикалық ақындар айтысы өтті. Алашты жырымен әлдилеген ардақты ақын ағаның сан қырлы тұлғасын ақындар өлең өрімімен өрнектей білді. Айтулы шараны "Айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағы" мен Қостанай облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырдық. Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін", - деп жазды ол.
Публикация от Аманжол Әлтай (@amanzhol_altai)
Еске салайық, 2022 жылғы қазанда танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен еді. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Кейінірек ол шетелде ем алды.
Ал жуырда дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Жүрсін Ерманның денсаулығы туралы айтты.
Оның сөзінше, Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарып қалған. Ол Жезқазғанда өткен командалық ақындар айтысында төрелік еткен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!