Павлодарда жүріп келе жатқан көліктердің үстіне шығып алған ер адамдар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіні тексеру кезінде Telegram-дағы tipavlo парақшасында құқықбұзушылық дерегіне қатысты видео жарияланғаны анықталған.
"1 қыркүйекте сағат 03.00 шамасында 23 және 21 жастағы екі жігіт Павлодардағы әуежайға қарай келе жатқан Camry және Mercedes көліктерінің үстіне шығып алып, көлік жүргізгені анықталды. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әрбір адамға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салып, жауапкершілікке тартты. Тәртіп бұзушылардың айтуынша, олар көлікті самал желмен айдағылары келген", - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!