Журналист Әділ Балтабаев Қазақстан Президентінің туфлиі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізген болатын.
Ақорда таратқан суреттердің біріне қатысты журналист Әділ Балтабаев пікір білдірген еді. Оның сөзінше, Президент кездесуге отандық туфлимен келген.
"Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өнімді бірінші рет таңдауы емес. Президент өңірлерді аралаған кезде де қазақстандық туфли киген", - деді журналист Telegram-арнасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!