- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист өзін 15...
Журналист өзін 15 жыл бойы ұрып келген күйеуін өлтіргені үшін жеті жылға сотталды
РБК және "Ведомости" басылымдарының бұрынғы қызметкері Оксана Гончарова бұрынғы серіктесі және балаларының әкесі Алексей Самусевті өлтіргені үшін жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mk.ru-ға сілтеме жасап.
Сот Мәскеу түбіндегі Электросталь қаласында өтті. Сот барысында оқиға күні Самусев досымен бірге журналистің пәтеріне шақырусыз келіп, арақ іше бастағаны белгілі болды. Алексей мен Оксана арасында жанжал басталып, ер адам қайшы ұстап алған. Әйел қайшыны алып қойып, оны ұрып жіберген. Жедел жәрдем Самусевті ауруханаға жеткізді, ол келесі күні қайтыс болды.
Ұсталғаннан кейін күдікті тергеушілерге жолдасы 2007 жылдан бері ұрып-соғатынын айтқан. 15 жыл бойы ол ұрып-соғу бойынша полицияға бірнеше рет арыз жазған. Ішкі істер министрлігі қылмыс құрамының жоғын алға тартып, Самусевке қатысты қылмыстық іс қозғамаған.
"Марқұм түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін 40 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және үш рет: оның ішінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау және өлтіремін деп қорқытқаны үшін сотталған", - деді Гончарованың адвокаты.
Іс бойынша алқабилер бірауыздан журналист кінәлі, бірақ жеңілдікке лайық деп шешті. Прокурор Гончарованы сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды және Самусевтің ата-анасының әрқайсысына миллион рубльден төлеуге міндеттелді. Гончарова ата-ана құқығынан айырылды, ал Самусевпен бірге ортақ балаларына қамқорлық марқұмның ағасына берілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек