- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист Михаил Козачковқа...
Журналист Михаил Козачковқа қатысты сот үкімі шықты
Алматының әскери соты журналист Михаил Козачковқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі оның адвокаты Елена Жигаленокқа сілтеме жасап.
Сот шешімімен Козачков 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
"Шынында да, Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Михаил Козачков Қылмыстық кодекстің 147 және 274-баптары бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде сотталды.
Бірақ мен Қаржы мониторингі агенттігінің тергеу тобы Козачковтың Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтағанын атап өткім келеді. Рейдерлікке қатысты айыптар алынып тасталды. Михаилға қатысты Қылмыстық кодекстің 249 және 262-баптары бойынша қылмыстық іс тоқтатылды", - деді адвокат.
Еске салайық, журналист Михаил Козачков 2022 жылғы 18 желтоқсанда ұсталған еді. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.
Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да пікір білдірген. Ол бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан