Журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгерді

Қазақстандық журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгерді - ол Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы ақпарат Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің Facebook-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, 2023 жылғы 18 ақпандағы сот қаулысымен, соталды тергеу органының К.-ға қатысты 2 айлық қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы (яғни 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін), үй қамағына ауыстыру бойынша арызы қанағаттандырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабаралмада.

Еске салайық, танымал журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.

Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да пікір білдірген болатын. Ол бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!