- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист Махамбет Әбжанның...
Журналист Махамбет Әбжанның балаларының шотына шектеу қойылмады - Антикор
Антикор күдікті журналист Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарында орын алған "шектеулер" туралы ақпараттың Telegram-арналардың бірінде таратылуына байланысты, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банктік шоттарына шектеулер қойылды.
"Жалған ақпарат қоғамдық пікірді басқару және тергеуге әсер ету мақсатында таратылады. Азаматтардан ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деді агенттік өкілдері.
Еске салайық, 3 шілдеде журналист 50 миллион теңге алды деген күдікке ілініп, ұсталған болатын. Артынша, оның Telegram-арнасында балаларының да шоты бұғаттала бастағаны туралы хабар тарады.
С. Сатыбалдина