- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист Махамбет Әбжан...
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Чиновник Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Махамбет Мұратбекұлы Әбжан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы, 194-бабы 4-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Және оған 274-баптың 3-бөлігі бойынша - 2 жыл, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша - 9 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын", - деді Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының судьясы Айжан Құлбаева.
Сот шешімі бойынша, Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, былтыр 3 шілдеде журналист 50 миллион теңге алды деген күдікке ілініп, ұсталған болатын. Артынша, оның Telegram-арнасында балаларының да шоты бұғаттала бастағаны туралы хабар тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина