- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Журналист емессіз бе?"...
"Журналист емессіз бе?" Танымал ақын Дина Төлепбергенді сынады
Танымал ақын Алмас Темірбай әлеуметтік желіде журналист Дина Төлепбергенге ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында журналист Дина Төлепберген ақын Алмас Темірбайдың "Рахмет саған, Ана" атты өлеңін оқып, жантебірентерлік видео жариялаған болатын. Ақын өлеңін оқығаны үшін Дина Төлепбергенге алғыс білдіргенімен, бірнеше ескерту жазып қалдырыпты.
"Өлең авторы ретінде айтарым, дұрысы, "Рахмет саған, мама" емес, "Рахмет саған, АНА". Қазақ болған соң "Ана" дегеніміз дұрыс. Атам қазақ сүтті биелерді ғана "мама бие" деген. Мама - орыстың түсінігі, совет заманында енген сөз.
Біріншіден, автордың сөзін өзгертуге болмайтынын жақсы білесіз. Мысалы, Абайдың, Мұқағалидың өлеңін әр оқыған адам бір-бір сөзін өзгерте берсе, өлеңнің не жаны қалады?
Екіншіден, бұл елге танымал өлең болған соң оқырмандардан жекеме хаттар келіп жатыр, "Өлеңіңізді өзгертіп тастапты" деп. Сондықтан, коммент жауап жазуға тура келді. Айып етпеңіз.
Үшіншіден, журналист болған соң, білесіз, әрбір ақпаратқа фактчетинг жасап, интернеттен оригинал нұсқасын қарауыңыз керек еді. Әттең, бір кем дүние...", - деп жазды ақын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева