- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист Дана Орманбаева...
Журналист Дана Орманбаева Баян Мақсатқызынан екінші рет сотта жеңіліп қалды
Журналист Дана Орманбаева Баян Мақсатқызынан екінші рет жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жабық сот отырысында телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлау (ҚК 131-бабының 2-бөлігі) бойынша айыпталушы Орманбаеваға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотпен анықталғаны
2024 жылдың 3 және 6 сәуірінде журналист-блогер Дана Орманбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында продюсер Баян Мақсатқызына қатысты әдепсіз түрде қорлайтын сипаттағы бірқатар жазба жариялаған.
Осыған байланысты жәбірленуші ретінде танылған Баян Мақсатқызы жеке айыптау тәртібімен сотқа шағым түсірді.
Сот шешімі
Сотталушының кінәлі әрекеттерді жасауға кінәлі екендігі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындысымен дәлелденді.
Орманбаеваның жазасын жеңілдететін жайт – кішкентай баласының болуы. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ.
Жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Сот Орманбаевадан моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина