- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист "бүлік жасады"...
Журналист "бүлік жасады" деген айыппен өлім жазасына кесілді
Иранның сот билігі күрд журналист, әлеуметтік қызметкер және саяси белсендіні "бүлік жасады" деген айыппен өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі iranwire.com сайтына сілтеме жасап.
Журналист Пахшан Азизи "ислам үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасаған және басшылары бүлік шығаруға қатысқан топтарға мүше болды" деген айыппен сотталды.
Өлім жазасынан бұрын ол Күрдістанның еркін өмір партиясына (PJAK) мүше болды деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Судья Иман Афшаридің төрағалығымен өткен сот отырысы 2024 жылдың 28 мамыры мен 16 маусымы аралығында өтті. Сот үкімі сейсенбі күні Азизидің қорғаушыларына жіберілді.
Журналист қазір Тегерандағы Эвин түрмесінде отыр, ол соңғы екі аптада телефон қоңыраулары мен келушілерді қабылдау құқығынан айырылған.
Азизидің саяси белсенді ретінде бой көрсетуі 2009 жылы Тегерандағы күрд студенттердің Күрдістандағы өлім жазасына қарсы наразылығы кезінде тұтқындалған кезден басталған.
2010 жылы бостандыққа шыққаннан кейін ол қауіпсіздік институттарының қысымдары мен қоқан-лоққыларына байланысты Ираннан кетіп қалды, кейін Ирак пен Сирия Күрдістанындағы әйелдер мәселелеріне бағытталған әлеуметтік жұмыспен айналысты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева