“Жүргізушінің жағдайы күрт нашарлаған“. Алматыда автобус жол апатына ұшырады

Алматының Жетісу ауданында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметке сәйкес №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы көліктермен соқтығысқан.

"Бастапқы дерек бойынша қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлікті толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке қарай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деді Алматы ПД өкілі.

Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеріс барысында анықталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!