Әлеуметтік желіде "енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырса да, айыппұл салынады" деген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
"Құқықбұзушылық үшін жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әкімшілік жауапкершілік белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады. 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты. Бұл құжат жүргізушілерге ешқандай жаңа талап енгізбейді. "Сағатына 2 шақырымға асырса, айыппұл салынады" деген мәлімдеме - жалған ақпарат. Осы ақпаратты таратқан адам анықталды. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!