Жүргізушілерге құлаққағыс! Қазақстан мен Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін

Жүргізушілерге құлаққағыс! Қазақстан мен Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін
Фото: Tengrinews.kz

19–29 мамыр аралығында Ресейден Қазақстанға өтетін "Маштаково" шекаралық бақылау бекетінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бұл кезеңде инспекциялық-тексеру кешенінің іргетасы қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар, 19 мамырдан 30 қарашаға дейін екіжақты "Теплое" өткізу пунктінде жол жабыны жөнделмек. Дегенмен бұл екі бақылау-өткізу бекеті қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, жұмыс кестесінде өзгеріс болмайды.

Департамент өкілдері жөндеу жұмыстары кезінде "Сырым" және "Тасқала" бекеттері маңында көлік кептелісі мен кідірістер болуы мүмкін екенін ескертті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget