Жүргізушілерге құлаққағыс: қай өңірлерде күн бұзылады?

Жүргізушілерге құлаққағыс: қай өңірлерде күн бұзылады?
Фото: depositphotos.com

"ҚазАвтоЖол" күн күрт бұзылуына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кейбір жерлерде тек қар да жауады. Осыған байланысты жолдардың кейбір бөліктері көрінбей, тайғақ болуы мүмкін.

"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін алдағы күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар болжанып отырғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget