"ҚазАвтоЖол" күн күрт бұзылуына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қазанда Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар болжанып отыр.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін 6-8 қазанда атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатыны хабарланды. Республика бойынша көктайғақ болып, жел күшейіп, түнде, таңертең тұман түседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова