- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүргізушілер үшін жаңа...
Жүргізушілер үшін жаңа талап енгізілмек
Қазақстанда жүргізушілер үшін "орташа жылдамдық" түсінігі енгізіледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңға енгізілетін норма көлік апаты жиі болмас қолға алынып отыр.
"Астана – Бурабай" тас жолында жүргізушілер сағатына 230 жылдамдықпен жүрген. Мәжілісте бізді депутаттар қолдады. Енді "орташа жылдамдық" деген түсінікті енгіземіз. Мысалы, автобанда жүргізуші А нүктесінен В нүктесінен дейін "орташа жылдамдықты" яғни сағатына 110-130 жылдамдықы сақтауы керек", - деді Марат Қарабаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Министр жүргізушілер заңға бағыну керектігін атап өтті.
"Жылдамдық жоғары болса, онда жүргізуші заң бойынша жауап тартылады. Осы норма азаматтардың өмірін сақтауға айтарлықтай септігін тигізеді. Біз үшін әрбір адамның өмірі маңызды. Сондықтан заңға осы түсінікті енгізгелі жатырмыз", - деді ведомство басшысы.
Заң жобасы талқыланып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен