Жүргізушілер суықта жолға шығар алдында нені білу керек?

Жүргізушілер суықта жолға шығар алдында нені білу керек?
Фото: tengrinews.kz

Еліміздегі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге пайдалы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Massaget.kz.

"Қыс таяп келеді. Ауа райы бірде жылы, бірде суық. Алғашқы қар жауып, жолдарда көктайғақ байқала бастады. Осындай уақытта рөлге отырған әрбір жүргізушіден ерекше мұқияттылық пен сабыр қажет", – дейді компания.

Қауіпсіздік – ұсақ-түйектен басталады

Сондықтан жүргізушілерге мына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

1 Көлігіңізді қысқы дөңгелекке ауыстырыңыз;
2 Тежегіш жүйесін, жарық пен аккумуляторды тексеріп шығыңыз;
3 Қысқы отынды пайдаланып, антифриз деңгейін бақылаңыз;
4 Жолда жылдамдықты шектеп, арақашықтықты сақтаңыз;
5 Рөлде асығыс шешім қабылдаудан, кенет бұрылыстардан аулақ болыңыз.
Бұл – жай ғана кеңес емес, өмірді қорғаудың қарапайым қағидасы. Қыс мезгілінде жолдағы әр қимыл, әр шешім қауіпсіз сапардың кепілі.
1403
"ҚазАвтоЖол" қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Жолдағы жағдайға қатысты бірыңғай байланыс орталығы арқылы хабарласуға болады.
О. Сансызбай
Logotype Massaget