Қарағанды облысында Mercedes-Benz Sprinter мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тауып, 9 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қарағанды облысында салонында 17 адам болған микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысты. Оқиға 16 шілдеде сағат 3.20-да Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тасжолында болған. Микроавтобус Алматыдан Қарағандыға бара жатқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Түрлі жарақат алған тоғыз адам медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, микроавтобустың жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап қалған", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Бұл дерек полицияда тіркелген. Сараптамалар тағайындалған, нәтижесі бойынша шешім қабылданады.