Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Мамандардың сөзінше, оның жағдайы өте ауыр. Қазір науқас қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.
"Науқас қосарланған ауыр жарақат диагнозымен жеткізілді. Оған жансақтау бөлімінде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Қазір жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамаларына сәйкес емделіп жатыр", - деді қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы директорының орынбасары Ермек Желдібаев.
Еске салайық, 9 желтоқсанда сағат 10:54-те Алмалы ауданы Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова