- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүргізуші салон тазалау...
"Жүргізуші салон тазалау үшін тоқтаған". Алматыда базарда автобус өртенді
Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылар 4 сәуірге қараған түні "Жетісу" базарының маңында автобус өртенгенін жазған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші салонды тазалау үшін тоқтаған, сол кезде автобус өртеніп кеткен. Кадрлардан автобустың артқы жағы қозғалтқыш бөлігімен бірге жанып кеткені көрінеді.
Өрт туралы осындай хабарламалар әлеуметтік желілерде де тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 3 сәуірде сағат 23:10-да "Қайрат" шағынауданында 2018 жылғы "Лиаз-529265" маркалы 125 бағыттағы автобустың өртеніп кеткенін растады.
Айта кетейік, автобус "Алматыэлектротранс" коммуналды паркіне тиесілі. Автотұрақтағы өрттің шығу себебі хабарланбады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек