TikTok арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет желісінде алаяқтық жасады деген күдікпен Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды. Ер адам кем дегенде 12 алматылық тұрғынды алдады деген күдікке ілінген.
"TikTok мобильді қосымшасын пайдаланып, күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденгені анықталды. Оның үстіне "қызметінің ақысы" қолма-қол ақша түрінде де, электрон аудару арқылы да болды. Жедел іс-шаралар жүргізілді: күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бары анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.
Тәртіп сақшылары алданғанның көп болуы мүмкін екеніне сенімді. Ұсталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-775-663-94-36; 8-705-630-30-00.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!