- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүргізуші куәлігін алып...
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған астаналық ұсталды
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған астаналық ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы" ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам жәбірленушімен кездейсоқ танысып, әңгіме барысында ол қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде берген. Ештеңеден күмәнданбаған астаналық бейтаныс адамға 200 мың теңге берген. Алайда уәде етілген мерзімде жәбірленуші құжатты алмаған, қаскүнем байланысқа шықпаған.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның тағы бір осыған ұқсас алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, күмәнді мәмілелерден бас тартуды ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина