ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті өкілдері жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылатыны жазылған.
Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.
Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиіс өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!