- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүргізуші куәлігін алатындарды...
Жүргізуші куәлігін алатындарды тесттен "өткізумен" айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанай облысының полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдаумен айналысатын қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Емтихан алушылар осы қызметпен айналысуға тендерді жеңіп алған ЖШС-нің бірінің өкілдері жүргізуші куәліктері мен санаттарын алуға тест тапсыруға тест сынақтарын сыйақыға қабылдады. Ол үшін схема жасалған: жүргізуші куәлігін алатын адамдар іс жүзінде тестілеуден өтпеген және емтихан тапсырмаған.
"12 сәуір күні Қостанайда осы қылмыстық әрекетке қатысты күдікті бес адам ұсталды. Емтихан алушылар ақылы түрде жүргізуші куәлігін беріп отырған, ал тест тапсырушы 40 минутт ішінде емес, 5 минутта тест тапсыра алған. Көбісі мемлекеттік тілді білмесе де, тестті сол тілде тапсырды. Қазіргі уақытта қажетті алғашқы тергеу әрекеттері, соның ішінде дәлелдемелерді бекітуге бағытталған санкцияланған іздеулер жүргізіліп жатыр. Банк карталары, 1 млн теңгеден астам қолма-қол ақша, компьютерлік техника, флеш карталар, телефондар мен құжаттар тәркіленді. Сондай-ақ тінту барысында күдіктілердің бірінен 12 калибрлі патрондар мен тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", – деді Ерлан Омарбеков.
Арнайы операция облыстық прокуратураның қадағалауымен жүргізілді. Іс-шара барысында осылайша, мыңнан астам адам емтихан тапсырғаны анықталды. Полиция қылмыстық топтың барлық мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан