Астанада жолаушы көліктен 9 миллион теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі жүгініп, 9 миллион теңге сомасында қаражаты бар сөмке жоғалғанын хабарлаған.
"Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні күні ол досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар сөмке салонда жатқанын білмеген", - делінген хабарламада.
Бір түнде такси салонына 17 адам отырғаны анықталды. Полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайды анықтады.
"Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмке ұстаған ер адам байқалды. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен", - делінген хабарламада.
Қазір жолаушыға соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Астана тұрғыны такси жүргізушісіне басындағы қиындығын айтамын деп 2 миллион теңгесінен айырылғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз