Жүргізуші жол ортасында түсіріп кеткен: Қарағанды облысында 20 жастағы жігіт жоғалған

Қарағанды облысында жоғалған теміртаулық тұрғын табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Қарағандыға бара жатқан жолда автобус жүргізушісімен жанжалдасып қалғаннан кейін жоғалып кеткен. Жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы оқиға видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Кадрларда жолаушы жүргізушіден жолақысын төлеуге мүмкіндік беруін сұрағаны көрінеді. Жүргізуші "мұны бірден жасау керек еді" деп жауап береді. Еріктілердің мәліметінше, бұл видео соңғы жазба болған. Осыдан кейін жігіт жоғалып кеткен.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 7 сәуірде Қарағандыға автобуспен шығып, хабарсыз кеткен 20 жастағы жігіт аман-есен табылған. Бұл жұмысқа полиция мен еріктілер жұмылдырылған.

"Жүргізуші жауапқа тартылады. Жігітті жол ортасында түсіріп кеткен автобус жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!