Сапар Сатаев Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа басшыны Теміртау активіне таныстырып, қала әкімінің алдына қойылған негізгі міндеттерді айқындап берді.
Сурет: gov.kz
Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы "ҚазақАвтоЖол" РМК-ның №45 учаскесінде жүргізуші болып бастап, 2008 жылға дейін жұмыс істеген.
Әр жылдары "Ботақара су қожалығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінің әкімі болды.
2013-2015 жылдары Абай қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Одан соң Приозерск қаласының әкімі болды.
2023 жылғы мамырдан бастап Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова