- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүргізу куәлігінен айырылған...
Жүргізу куәлігінен айырылған тұрғын қайтадан көлік айдап жүргені үшін жазаланды
Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған бола тұра көлiк құралын басқарған жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Катонқарағай аудандық сотымен Е.-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігімен (көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Сотпен анықталғаны, Е. көлiк құралын басқару құқығынан айsрылған бола тұра, 11 тамызда грейдер механикалық көлік құралын басқарып жүрген жерінде ұсталды.
Сот мәжілісінде Е. кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі іс материалдарымен және бейнежазбамен расталды.
Сот қаулысымен Е. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 129 220 теңге әкімшілік айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина