- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүректі ауыртты". Актриса...
"Жүректі ауыртты". Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты
Фото:
Әлеуметтік желіден
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева еліміздегі соңғы жағдайлардан соң денсаулығы нашарлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, елімізде болып жатқан жағдайлар жүрегіне салмақ түсірген.
"Соңғы жаңалықтар жүректі ауыртты. Алладан медет сұрап, дұға етуден басқа шарамыз жоқ. Алла, еліме, жеріме, халқыма жар бола көр! Отбасымыздың атынан шамамыз келгенше, қаржылай көмек бердік", - деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы