Кардиолог Антон Вахляев холестерині тым көп тағамдар жүрек пен қан тамырларына зиян болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, мұндай өнімдерге майлы сүт тағамдары мен барлық шұжық түрлері жатады.
Дәрігердің сөзінше, холестеринге бай тағамдардың қатарына:
Сондай-ақ, шұжық холестеринге өте бай. Вахляевтың түсіндіруінше, әсіресе ересек және жасы үлкен адамдарға мұндай тағам пайдалы емес.
Кардиолог жұмыртқаға да назар аударуға кеңес берді: бір ғана сарыуызда 300 миллиграмға дейін холестерин болуы мүмкін. Бұған қоса, ол тұзды шамадан тыс қолданбауды ұсынды.
Сонымен қатар, маман тез сіңетін көмірсуларды (тәтті, ақ ұннан жасалған өнімдер) және дайын тағамдарды да абайлап тұтынуға шақырды: мұндай өнімдерде май мен холестериннің мөлшерін нақты бағалау қиын болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!