Физиолог Александр Калюжин жүрекке пайдалы тағам өнімдерін атады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Дәрігер жүрекке өте пайдалы өнімдердің қатарында цитрус жемістері, алма, алмұрт, жидектер, банан, киви, сондай-ақ, көкөністер - шпинат, брокколи, ақ қырыққабат пен брюссель қырыққабаты, сәбіз, қызанақ барын айтты. Ол көкөніс пен жеміс калий, магний, антиоксиданттар және жасұнық көзі екенін еске салды. Бұлар липид профильге және тамыр қабырғасындағы созылмалы қабынуға әсер ету арқылы атеросклероз қаупін төмендетеді.
"Тұтас дәнді дақылдар - сұлы ботқасы, қарақұмық, тұтас дәнді нан. Олар "баяу" көмірсулар мен еритін жасұнық береді, дене салмағын, қандағы қант деңгейін және холестеринді бақылауға көмектеседі. Бұршақ тұқымдастар - әсіресе жасымық, үрме бұршақ, ноқат. Бұлар өсімдік ақуызы мен жасұныққа бай, қызыл етті аз жеуге әсер етеді, соның есебінен қаныққан майлар мен тұздың мөлшерін азайтады", - деді Калюжин.
Сонымен қатар, ол профилактикалық медицина тұрғысынан жүрек-қантамыр жүйесінің саулығы үшін бұл өнімді рационға қосу ғана емес, зияндысын да шектеу маңызды екенін атап өтті (тұз, қант, трансмайлар және өңделген ет). Бұл физиологиялық тұрғыдан негізделген, тұрақты дұрыс тамақтану үлгісін қалыптастыруға көмектеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек