- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүрекке пайдалы тағамдар...
Жүрекке пайдалы тағамдар аталды
Калий мен магний жүректің жұмысы үшін өте маңызды. Сонымен қатар, магний күйзелісті де жеңуге көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.
Әр адамның калийге деген қажеттілігі әртүрлі. Бұл адамның жасына, салмағына, өмір салтына, бүйрек жұмысына және тіпті тұратын жеріне де байланысты. Бірақ оның жетіспеушілігінің салдары - гипокалиемия барлығында бірдей болады. Ол жүрекке тікелей әсер етуі мүмкін. Өйткені бұл микроэлементтер мына себептерге байланысты қажет:
- жүрек жұмысын және қан қысымын реттеу;
- аритмиядан қорғау;
- жүректің жұмысына әсер ететін басқа микроэлементтерді сіңіруге көмектесу.
"Калий балансын қалпына келтіруге ең қолайлы өнімдер - көкөністер, жеміс-жидектер", - дейді сарапшылар.
Калийге бай мына тағамдарды рационға жиі қосқан жөн:
- Көк шөптер: шпинат, кинза, қымыздық, аскөк, ақжелкен.
- Көкөністер.
- Жемістер. Жасыл алма, банан, авокадо калийге бай.
- Кептірілген жемістер, оның ішінде өрік, мейіз.
Магнийдің басты артықшылықтарының бірі - ағзаны шаршаудан сақтайтыны. Магний қаншалық мөлшерде қажет екені де әр адамның жынысына, жасына және жалпы денсаулығына байланысты.
Магнийге бай мына тағамдар магний балансын бақылауда ұстауға көмектеседі:
- дәнді дақылдар;
- банан;
- көкөністер;
- бұршақ дақылдары;
- теңіз қырыққабаты;
- какао ұнтағы;
- қара шоколад;
- теңіз балықтары, әсіресе, лосось тұқымдасы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова