Жиі өлімге алып келетін аурулардың бірі – жүрек-қан тамырлар проблемасы. Заманауи адамдардың қандай әдеттері жүрек саулығына жағымсыз әсер етеді? Massaget.kz денсаулықты сақтау үшін арылу керек әдеттерді ұсынады.
Дайын тамақ пен фатсфуд жегенді жақсы көру
Кейде жұмыстан кейін тамақ пісіруге ерініп, дайын тамақты немесе бургерді тапсырыспен алдырғыңыз келеді. Арасында бұлай істеуде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ қаныққан майлар мен трансмайларға бай өнімдерді жүйелі түрде жеу жүрек ауруларының қаупін арттырады. Рациондағы дүкеннің торты мен печеньелерін, мұздатылған пицца, қуырылған тауық деген секілді өнімдерді азайтыңыз. Сондай-ақ құрамында тұзы көп шұжық, чипстер секілді өнімдерді де көп жемеңіз: олар қысымның жоғарылап кетуіне әкелуі мүмкін. Оның орнына скумбрия секілді балықтар алыңыз. Оның құрамында жүрекке пайдалы омега-3 майлы қышқылдары бар. Сондай-ақ күріш, тұтас дәнді нан, жаңғақтар, жемістер мен көкөністерге мән беріңіз.
Темекі тарту (оған электронды темекі де кіреді)
Никотиннің ағзаға зияны жайлы естіген боларсыз. Темекілердің құрамындағы химиялық заттар артерияларда холестеринді тйіншектердің пайда болу қаупін арттырады. Бұл арасында темекі тартатын адамдарға да қатысты айтылған нәрсе. Соңғы кездері көпшілік электронды темекілерді қауіпсіз балама деп санайды. Алайда бұл олай емес. Аэрозольдің құрамында ауыр металдар, қауіпті химиялық заттар және құрамында көрсетілмесе де никотин бар. Электронды темекіге тәуелділік жылдам пайда болады.
Түнімен әлеуметтік желілерді қарап жату
Олардың алгоритмі сіз одан шыға алмайтындай етіп ойластырылған. Жиі қолданушы әлеуметтік желідегі досын қарауға кіріп, қалай түн батып кеткенін байқамай қалады. Бұл сізге толыққанды демалуға кедергі келтіреді. Жүрекке ұйқы керек. Ұйқының жетіспеуі гормонды жаңылыс тудырады және қан қысымы жоғарылап кетеді. Егер үнемі 7 сағаттан кем ұйықтайтын болсаңыз, гипертония дамуының қаупі артады. Сондай-ақ уақытылы демалмайтын адамдардың инсулинге төзімділігі артады. Сондықтан ол тамақ жегісі келеді және әдетте ол құрамында қанты мен көмірсуы көп тамақты таңдайды. Ал мұның барлығы артық салмаққа және диабетке әкелуі мүмкін.
Ұйықтар алдында әлеуметтік желіге кірмеуге тырысыңыз. Егер бірдеңе қарап жіберемін деп кірсеңіз, таймер қойып қойыңыз. Сол уақыт біткенде әлеуметтік желіден шығып, хабарламаны сөндіріп тастаңыз.
Демалыс күндері күні-түні сериал қарау
Көпшілік кеңседе жұмыс істеп, көп қозғалмайды. Онымен қоймай, демалыс күндері ешқайда шықпастан үйде сериал қарап жатады. Мұндай демалыстың жағымсыз салдарлары бар. Қозғалмау жүрек ауруы, диабет, семіздік, тоқ ішек қатерлі ісігі, гипертония, остеопороз және депрессияның даму қаупін арттырады.
Өміріңізге қозғалыс қосу үшін аз-аздан бастаңыз. Мысалы, лифттің орнына баспалдақ қолданыңыз, дүкенге көлікпен емес, жаяу барып келіңіз. Белсенділіктің әртүрлі түрін байқап көріңіз. Біреулерге жаттығулар баяу жасалатын йога ұнаса, басқаларға қарқынды белсенділік ұнайды. Өзіңізге ұнайтын түрін анықтаңыз.