Америкалық кардиолог Нина Рэдфорд жүрек саулығына ең пайдалы балық түрін атады. Дәрігер бұл туралы Parade басылымына берген пікірінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кардиологтың сөзінше, жүрекке ең пайдалы балықтың бірі — албырт балық. Нина Рэдфорд оның құрамында ағзаға қажет қанықпаған май қышқылы көп екенін атап өтті. Бұл заттар қабынуды азайтуға, қан ұйығының пайда болу қаупін төмендетуге және қан тамырларының жұмысын жақсартуға көмектеседі.
Дәрігер албырт балықты шошқа немесе сиыр етімен салыстырғанда, онда денсаулыққа зиян қаныққан майдың аз болатынын айтты.
Рэдфорд аптасына кемінде екі рет 100 грамнан балық жеуге кеңес береді. Бірақ оны майға қуырып емес, буға пісіріп, пеште немесе басқа да пайдалы тәсілмен дайындаған дұрыс.
Маманның айтуынша, рационда албырт балықтың болуы инфаркт, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі және өзге де қауіпті жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға ықпал етеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!