- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- денсаулық туралы
Жүрекке ауыр болмас үшін суды қалай ішу керек?
Дәрігерлер күніне кемі 1,5 литр су ішуге кеңес береді. Бірақ күні бойы жүріп, көбі оны ұмытып кетеді. Күнделікті ішу керек судың нормасын бірден іше салу зиян емес пе? Гастроэнтеролог Рүстем Садықов осы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап.
"Ағзаға су дұрыс сіңуі үшін отырып ішкен дұрыс. Суды тұрып ішу ағзадағы сұйықтықтың теңгерімсіздігін тудырады, бұл артриттің дамуына әкелуі мүмкін", - дейді Рүстем Садықов.
Сондай-ақ бірнеше кеңестер ұсынды.
Судың температурасына мән беріңіз
"Мұздай су тамақ ауруы, асқазан ауруы мен диареяны тудыруы мүмкін, ал ыстық су күйікке, тіпті өңештің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Ішетін суыңыздың температурасы айналаңыздағы температурамен бірдей болғаны дұрыс", - деп кеңес береді RUDN университеті клиникасының мамандары.
Сусындарды дұрыс таңдаңыз
"Шырын, кофе, сүт және тұзды су таза суды алмастыра алмайды және кейбір жағдайларда асқорытуға теріс әсер етуі мүмкін. Ең жақсы таңдау сүзгіден өткізілген немесе қайнатылған су", - дейді мамандар.
Бір кесе кофеден кейін - бір стақан су
Кофе қуаттандырады және сергек қалыпты сақтауға көмектеседі, бірақ сонымен бірге бұл сусын денені қатты құрғатады. Сондықтан әр кеседен кейін бір стақан су ішіңіз. Сонымен қатар жеткілікті мөлшерде су ішу токсиндерді жоюға және дене тінінің тонусын сақтауға көмектеседі.
Бүйрек және қан айналымы проблемалары кезінде сақ болыңыз
"Қанайналым жеткіліксіздігінің екінші немесе одан да көп кезеңдерінде күніне 1-1,5 литрден артық су ішуге болмайды. Ал олигуриясы бар созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі үшін - 0,5 литр жетеді", - дейді эндокринолог Олег Хохунов.
Кейде су көбірек керек
Дәрігерлер тәуліктік сұйықтықты формула бойынша есептеуге кеңес береді: 1 келі салмаққа 30 мл су. Дегенмен кейбір жағдайларда көбірек ішу керек. Мысалы, физикалық белсенділік кезінде, ыстықта, қатты терлеу кезінде, қан жоғалтқаннан кейін немесе өткір ауру кезінде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин