15 жастағы Ақылбек қызын үйіне шығарып салмақ болғанда, көрші ауылдың жігіттері жас баланы таяқтың астына алған. Салдарынан 15 жастағы бозбала оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Марқұмның анасы Шымкент қаласының тұрғыны Іңкәр Шубаева "Көреміз" бағдарламасынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұлым тойға барып, батыр болып шығатын. Бірақ сол маған ұнамады. Ұлым Нұрасыл деген досының таныс қыздарымен танысқан. Олар тойда фотограф болып жұмыс істейді екен. Түскі 14:00-де хәлін біліп хабарластым, ол кезде үйде болды. Кешкі 17:00-де үйден Нұрасыл екеуі шығып кеткен. Екеуі Сайрамға барып, қыздармен кездеседі. Ана қыз "ағамның достары келе жатыр" деген. Қоштасып кеткен. Жолдан үш бала келіп, ұлымды шапалақпен ұрған. Сосын олар бәрі сөйлесіп тұрады. Сол кезде үш баланың біреуі балама білдіртпестен жүрек тұсынан бір ұрған", - деді анасы.
Анасының айтуынша, тергеу изоляторына сол үшеуінің біреуі қамалған.
Ал Ақылбектің қасында болған досы Нұрасыл сұхбат беруден бас тартқан. Өйткені сол жағдайдан соң түсініксіз жағдайға түскен.
Ақылбектің сөйлескен қызы Жәмиланың айтуынша, Ақылбек жұмысқа аниматор болып тұрған.
"Екеуміз дос ретінде сөйлескенбіз. Сол күні шығарып салуға келген еді. Қасымдағы құрбыммен бірге төртеуміз кетіп бара жатыр едік. Осы ауылдағы үш бала отыр екен, бізді шақырды. Сосын тек ер балалар өздері сөйлесіп, камера болғасын басқа жерге қарай алып кетті. Қанағат Ақылбектің бетінен ұрды да,"неғып жүрсіңдер, біздің қарындастарымызға неге келесіңдер?" деді. Енді жауап берейін деп жатқанда Асылхан жүрек тұсынан бір ұрды, Ақылбек талып қалды. Ал үш бала қашып кетті", - деді Жәмила.
Шымкент қаласы полиция департеманетінің тергеу басқармасының бастығы Өмірбек Бекбердиевтің айтуынша, тергеу жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!