Ләйлә Сұлтанқызының анасы қызына тілек тілеп, жұртты елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қазақтың бұрыннан келе жатқан салты бар. Мен оны естідім де, ондай жағдпай өз басымнан да өтті. Ері қайтса, жұбайына "көңілі ағарсын, артыңда қалған ұрпағы өссін-өнсін, енді жамандық болмасын, жолы ақ болсын" деп, жылдық асын бергеннен кейін жабылатын нәрсе. Қызымның өмірі ақ болсын, бағы ашылсын, балаларының қызығын көрсін, енді жақсылық көп болсын деген ниетпен ғой", - дейді анасы.
Ләйлә Сұлтанқызының анасы оның қайын апалары мен абысындарына ақ орамал жапқан.
Желі қолданушылары тележүргізушінің анасының айтқан ақылына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Қазақтың салт дәстүрі өте мықты. Анаңыз қандай жақсы жан, кереметтей сөздер айтты", "Иә, қазақтың әр салатының тәрбиелік маңызы зор. "Көңілің ағарсын, жолың ашық болсын, алдағы өміріңде тек қуаныш болсын" деп жабады, бірақ бәрібір жүректің түбіндегі жара сыздап ауырып тұрады. Өмір жалғасады, бәріне шүкіршілік етесің", -деп жазған олар.
Еске салайық, былтыр 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.
Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған. Ол - қоғам қайраткері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!