- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүрек айнуды басады,...
"Жүрек айнуды басады, иммунитетті көтереді". Дәрігер құрттың пайдасы жайлы айтты
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында құрттың пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер қазақтар ертеде қалай тамақтанғанын айтты.
"Қазақтар асты үшке бөлген: ақ - сүт тағамдары, қызыл - ет тағамдары, көк - жеміс тағамдары. Көрдіңіздер ме, көкті де жеген! Қазіргі брокколи, гүлді орамжапырақ болмаса да, емдік шөптерді көп пайдаланған", - дейді дәрігер.
Құрттың құрамы пайдалы заттарға бай.
"Құрт – кептірілген сүт өнімі. Оның құрамында кальций, А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Құрт – ақуызға бай, құнарлы тағам. Құрттың энергетикалық құндылығы өте жоғары. Сондықтан оны жорықтарда, аң аулау барысында, ұзақ сапарда, көште азық ретінде пайдаланған. Ол алып жүруге өте ыңғайлы. Ашаршылық кезде лагерьде жатқан әйелдер осы құртты ауыздарына салып қойып күн көрген", - деп жазды Ұлжалғас Сманова.
Дәрігердің айтуынша, құрт адам ағзасындағы керексіз майды ыдыратады. Адам қанының қою болуы немесе қандағы май мөлшерінің артып кетуі кезінде жақсы көмектеседі. Оны ыдырататын заттар, әдетте, қымызда, саумалда, құрт пен ірімшіктің сарысуында және құртта болады.
А. Жапатова"Құрт бактерияларға қарсы қасиетке ие. Яғни, ол ағзадағы зиянды бактерия, паразит, токсиндермен күреседі. Қышқыл болғандықтан, өт жұмысын жақсартады. Жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек айнуды басады. Тіпті иммунитетті көтеретін қасиетке де ие. Құрамындағы С дәрумені мен мырыш ағзаны бос радикалдардан қорғайды. Сондықтан үнемі қалтаңызда құрт жүргені дұрыс. Мысалы, оны тіскебасар ретінде қолдануға болады", - деп кеңес берді дәрігер.