- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүрек айниды, сүйектер...
"Жүрек айниды, сүйектер ауырады". Қауіпті дәрумендік қоспалар аталды
А дәрумені, ниацин (В3 дәрумені) және Е дәрумені жүрек айнуына, сүйектердің ауыруына және ішкі қан кетуге әкелуі мүмкін, себебі оларды дәрігер кеңесінсіз ішуге болайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Gazeta"-ға сілтеме жасап.
Ниацині (В3 дәрумені немесе никотин қышқылы) бар тағамдық қоспалар жиі холестерин деңгейі жоғары болғанда, артрит кезінде және ми жұмысын жақсарту үшін ұсынылуы мүмкін. Алайда көптеген зерттеу бұл препараттар жүрек аурулары қаупіне, инсультке немесе когнитивті бұзылыстарға әсер етпейтінін көрсетті. Бірақ олар жиі іштің өтуі мен беттің қызаруын шақыруы мүмкін. Оны артық мөлшерде ішіп қойса, бас айналу, жүрек айну және шаршаңқылық пайда болуы мүмкін. В3 дәруменінің басқа түрлері (мысалы, никотинамид) ми қатерлі ісігінің жоғары қаупімен байланысты болған.
А дәрумені көз бен иммунды жүйе саулығын сақтауға көмектеседі. АҚШ-та ерлер үшін ұсынылатын тәуліктік норма шамамен 900 микрограмм, ал әйелдер үшін 700 микрограмды құрайды. Күніне 3000 микрограмнан артық мөлшер улануға әкелуі мүмкін. Dailymail.com кей тағамдық қоспалардың бір таблеткасында 7500 микрограмға дейін бар екенін анықтаған. Оны артық мөлшерде ішу мынадай белгілерге әкелуі мүмкін: сүйектердің ауыруы, жүрек айну, құрғақ тері, көздің бұлдырауы және жарыққа сезімталдық. А дәрумені қоспаларын ұзақмерзімде тұтыну өкпе қатерлі ісігінің қаупін арттырады.
Е дәрумені бар қоспаларды иммунитетті қатайту үшін ішу ұсынылады. Ересек ерлер мен әйелдер үшін ұсынылатын мөлшер – күніне 15 мг. Оны 1000 мг-нан артық ішу бұлшықеттер әлсіздігіне, диарея, жүрек айну және ішкі қан кетуге әкелуі мүмкін.
Мамандар тағамдық қоспалар ішу кезінде мұқият болуға кеңес берді: олардың құрамында белсенді заттар әдетте нұсқамада жазылғаннан да көп болады. Сондай-ақ зерттеулердің жетіспеушілігінен олардың ағзаға қалай әсер ететіні белгісіз. Ал кей қоспалар дәрі тиімділігіне әсер етеді.
Оқи отырыңыз: Жылдам ұйықтап кетуге көмектесетін 5 әдіс
А. Жапатова