"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков үйінің суға кеткенін көріп, жылап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер Құлсары қаласында дүниеге келген. Өнер иесі әлеуметтік желіде үйінің қазіргі видеосын салып, көз жасына ерік берді.
"Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады... Алла сабыр берші", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!