Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдукәрімованың туған күніне құтты болсын айтып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жұлдызым, қаншама жыл бұрын жүрегімді қозғаған саған деген сезімім жыл өткен сайын күшеймесе, әлсіреген емес. Жеткізуге сөзім жетпесе де жүрегің сезеді деп сенемін. Ұрпағымның анасы, көңілімнің көктемі мен сені бұрынғыдан да жақсы көрем. Сенің бақытты сәттеріңнің көп болуын Алладан сұраймын, қолдан келгенін жасаймын, туған күніңмен", - деп жазды әнші.
5 сағаттың ішінде Қайрат Нұртастың бұл жазбасына 65 мыңға жуық адам лайк басып, 1,5 мыңға жуық пікір жазылған.
"Қандай керемет сөздер, бақытты болыңдар", "Қайрат осы күндері әдемі сөздер жазатын болып жүр", "Жұлдыз соныңды бағаламайдығой, эхх, ішің ашиды" деп пікір жазған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!